Елордада «Ashyq» пилоттық жобасына қатысушылар саны 100-ден асты 8 Сәуір в 18:25 17
Елордада «Ashyq» пилоттық жобасына қатысушылар саны 100-ден асты 8 Сәуір в 18:25 17
"Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қатары 119-ға жетті. Елорда эпидемиологиялық жағдайға байланысты «қызыл» аймаққа енгендіктен «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға ниет білдіріп, шет қалғысы келмейтін кәсіпкерлік субъектілер қатары артып келеді",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» пилоттық жобасына 119 кәсіпкерлік субъектісі қатысады. Оның ішінде 43 фитнес-клуб, 18 спа-орталық, 11 бассейн, 3 боулинг-клуб, 27 компьютерлік клуб, 17 сауна бар.
Жобаның артықшылығы — кәсіпкерлік субъектілерінің қай аймаққа орналасқанына қарамастан қызметін қайта бастауына немесе жалғастыруына болады.
Айта кету керек, мекемеге кірер сәтте келушілерге түстер бойынша мәртебе беріледі:
– «қызыл» мәртебе – қозғалысқа шектеу, өйткені адам амбулаториялық емделуде;
– «сары» мәртебе – ішінара шектеу, яғни ПТР арқылы байланыста болған;
– «көк» мәртебе – ПТР-анықтаманың болуы міндетті орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеулер жоқ;
– «жасыл» мәртебе – COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам үшін шектеусіз қозғалыс.
Айта кетейік, елордада «Ashyq» қосымшасы арқылы жұмыс істегісі келетін бизнес субъектілері күн санап артып келеді. Олардың тізімі күн сайын жаңартылып тұрады.
Комментарийлер