Нұр-Сұлтан

Елорда жастары Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай челлендж бастады 7 Сәуір в 10:00 19

Қазақ елінің тарихындағы тұңғыш кәсіпқой палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында Instagram әлеуметтік желісінде челлендж бастау алды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Аталмыш челленджге елора тұрғындарының бәрі қатыса алады. Іс-шараның басты мақсаты — тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, білекті, шымыр жандарды анықтау.

«Жарыстың басты талабы 16 кг болатын гирді көтеру. Гир көтергенде шынтағыңыз тік тұруы шарт. Ал қолыңыз шаршаған кезде жұлқып көтеруіңізге болады. Достар, спорттың қай түрінен қатыссаңыз да сапаға мән беріңіз. Яғни шынтық, иық буындарыңыз толығымен түзу болуы керек. Ал турникте аяғыңызды бір қалыпта ұстап иекке дейін тартылуыңыз шарт. Барша Қазақстан жастарын осы челленджге белсене қатысуға шақырамыз», — делінген аталмыш ведомство таратқан хабарламада.

Челленжге қатысу үшін түрлі спорт түрінен 150 мәрте жасаған жаттығуын видеоға түсіріп, Instagram желісіне #ҰлыДалаБатырыменБірТолқында #Қажымұхан150жыл хештегімен жариялайды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және спорт клубтарына сертификаттармен марапатталады. Челлендж 10 сәуірге дейін жалғасын табады.

Бейнекөрініске сілтеме: https://youtu.be/_MhCtVyS8XY


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх