Павлодар облысы

Ел Президентінен хат алды 26 Ақпан 2021 в 11:00 42

Екі апта бұрын Павлодар облысы, Ертіс ауданынан келген 10 жасар Мансұр Баймұса Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, шахмат пен ағылшын тіліне деген қызығушылығы туралы айтып берген болатын.

Мемлекет басшысының жауабын оған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов тапсырды.

⠀- Айналайын Мансұр! Сенің хатыңды ықыласпен оқып шықтым. Маған жолдаған ақ тілегінді шынайы ризашылықпен қабылдадым. Шахматпен айналысып, ағылшын тілін де меңгеріп жүрсің, жарайсың. Елімізде өзің сияқты зерек, әрі үлгілі балалар көп болсын деп тілеймін. Келешекте өз ісіңнің маманы болып, Отанымызға адал қызмет ететініңе кәміл сенемін. Ата-анаңа менің сәлемімді жеткіз. Арманың әрдайым асқақ болсын, Мансұр.
Құрметпен, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, - деп ол Президенттің жауабын оқып берді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған шахмат Мансұрға тапсырылды.

Суретті түсірген Валерий Бугаев


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх