Павлодар облысы

Қайта өңдеу жобалары талқыланды 25 Ақпан 2021 в 18:30 65

Павлодар облысы әкімдігінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобалары талқыланды. Облыс әкімі өңірде оларды іске асыру үшін субсидиялау саясатын қайта қарауға және жергілікті бюджеттен қаржыландыру бөлуге дайын екенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Шұғаевтың айтуынша, Павлодар облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 264 нысан жұмыс істейді. Өткен жылы олардың өндіріс көлемі 100 миллиард теңгеге жуық сома болған. Бұл ретте экспортқа 9,7 миллиард теңгенің өнімі жұмсалды.

– Өңір жергілікті өндірілген бидай ұнымен - 162%-ға, жармамен – 136%-ға, нанмен – 124%-ға, өсімдік майымен – 47%-ға, шұжық өнімдерімен – 70%-ға, өңделген сүтпен – 56%-ға, қышқыл сүт өнімдерімен – 107%-ға, сары маймен - 30%-ға, ірімшік пен сүзбемен - 14%-ға қамтамасыз етілген. 2021 жылы Павлодар облысында жалпы инвестиция сомасы 2 миллиард теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 14 нысанды іске қосу жоспарланып отыр, - деп атап өтті Марат Шұғаев.

Мамыр айында «Павлодар агрокешені» ЖШС тазартылған май өндіру цехын іске қосуды жоспарлап отыр. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 900 тонна өнімді, ал инвестиция сомасы 150 миллион теңгені құрайды деп жоспарланып отыр. Тағы бір компания – «Пак» Green eco product» ЖШС картопты өнеркәсіптік өңдеуді қолға алмақ. Екі жыл ішінде кәсіпкерлер жобаға 2,5 миллиард теңге салуы тиіс.

Әбілқайыр Сқақов қайта өңдеу нысандарын іске қосу басшылардың ерекше бақылауында болуы тиіс екенін атап өтті. Ол жоғарыда аталған статистиканы мысалға келтіріп, өңір әлі де сүт, май және ірімшікпен қамтамасыз етілмей отырғанын еске салды.

- Бүкіл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдың дамуы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге байланысты. Сондықтан осы негізгі бағытты қайта жүктеу өте маңызды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту үшін біз жергілікті бюджеттен қаржыландыруды қарастыруға дайынбыз. Ең бастысы, соңғы нәтижеге қол жеткізу - жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорны, сапалы өнім және жаңа жұмыс орындары. Кәсіпкерлерді қолға алып, олардың және уәкілетті мемлекеттік органдар мен даму институттарының арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою қажет, - деді өңір басшысы.

Жұмыс кездесуі барысында Павлодар облысының қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі де талқыланды. Бүгінгі таңда бағытына қарай олардың қуаты 30%-дан 70% аралығында. Ауыл шаруашылығы басқармасы мұны қайта өңдеушілердің өздерінің қаржылық жай-күйімен және олар пайдалана алатын шикізатты Қазақстанның басқа өңірлерінен сұраныстың жоғары болуымен байланыстырып отыр. Әбілқайыр Сқақов әрбір қала мен аудан қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін қажетті шикізатпен қаншалықты қамтамасыз етілгенін анықтап, әр әкімшілік аумақ ішінде өндірушілер мен қайта өңдеушілер арасында тікелей жеткізу тізбегін ретке келтіруді тапсырды.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх