Атырау

Атырауда Covid-19 вакцинациясының екінші кезеңі басталды 24 Ақпан 2021 в 14:00 54

"Вакцинаның екінші компонентінің 1000 дозасын кестеге сәйкес кезең-кезеңмен медицина қызметкерлері ала бастады", деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Атырау облысында Covid-19 вакцинациясының екінші кезеңі басталды.

Қауіпті инфекцияға қарсы екпе алғандардың қатарында реанимация қызметінің, инфекциялық бөлімшелердің, жедел медициналық көмектің қызметкерлері мен медициналық мекемелердің бірінші басшылары бар.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бір күн бұрын өңірге арнайы мұздатқыш камерада сақталатын ресейлік "Спутник-V" өндірісінің 1000 вакцинасы жеткізілген.

- Бүгін мен дәрігерлермен қатар коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алдым. Вакцинация аздап ауырсынумен қатар жүрді, бірақ тұтастай алғанда, бірінші кезеңнен кейін менің әріптестерім сияқты жанама әсерлер болған жоқ. Бүгінгі күні вакцинация - "Covid - 19" індетіне қарсы күрестегі басты қару, сондықтан барлық тұрғындарды екпе алуға шақырамын, - деді аймақ тұрғындарына Бақытгүл Хаменова.


Вакцинацияланған дәрігерлер арасында 73 жастағы хирург Марат Есжанов та бар. Ардагер дәрігер вакцинаның жанама әсерлері болмағанын айтты.

- 1 ақпанда мен covid-19 вакцинациясының бірінші кезеңін алдым. Бәрі жақсы өтті, менде температура, әлсіздік, бас айналу және басқа асқынулар болған жоқ. Вакцинациядан кейін біз әріптестерімізбен 10-15 минут демалып отырдық. Кейін қалыпты жұмысымызға кірістік", - деді Марат Есжанов.

Айта кетейік, облыстың медициналық ұйымдарында 24 екпе пункті дайындалды.
Оның 16-сы — облыс орталығында, 8-і аудандарда.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх