Алматы

«Ashyq» қосымшасының жұмысы туралы айтылды 8 Сәуір в 17:00 22

Бүгін Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмағамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға өтінім беру алгоритмдері туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, "Ashyq" жобасы кәсіпкерлік нысандарын: фитнес-клубтарды, спа-орталықтарды, сауналарды, бассейндерді, кинотеатрларды, қоғамдық тамақтандыру орындарын, компьютерлік және боулинг-клубтардың жұмысын толығымен тоқтатпау үшін және олардың жұмысына қойылған шектеулердің кейбіреуін алып тастау баламасы ретінде іске қосылды. Басқа кәсіпорындар Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс істей алады, өйткені бұл бизнес нысандарына жалпы эпидемиологиялық жағдайға аз тәуелді болуға мүмкіндік береді.

Мобильдік қосымшаны әзірлеушілер ұсынған деректерді келтірген Айтуар Қошмағамбетовтың ақпаратына сәйкес, 6 сәуірдегі жағдай бойынша "Ashyq" қосымшасын125 000 пайдаланушы жүктеп алды, барлығы 374 QR код берілді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда - 91, Қарағандыда-39 жоба қатысушысы және қалғандары Алматыда.

Бүгінгі күні (8 сәуір) Алматы қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған тізімде пилоттық жобаға қатысушылар саны – 264 бизнес-нысанды құрайды, бір қатысушының өтінімі өңделуде және 92 қатысушы QR кодын алу сатысында.

Пилоттық жобаның арқасында Алматыда қызыл және сары мәртебесі бар 19 келуші анықталды. Жалпы, 17 қаңтардан 5 сәуірге дейін республика бойынша қызыл мәртебесі бар 273 азамат анықталды, яғни жобаға қатысушы қалалар бойынша.

Айтуар Қошмамбетов «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеу үшін кәсіпкерлерге қандай кезеңдерден өту керектігін айтты.

Ол үшін                    Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына Яндекс платформасындағы https://forms.yandex.ru/u/606c52b490a6660c706590fb. үлгіні толтыру арқылы өтінім беру қажет. Өтінім беруге арналған сілтемені біздің «Бизнес штаб Алматы» телеграмм-арнасынан табуға болады.

Барлық өтінімдер берілгеннен кейін ЭҚЖЖ (ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЖІКТЕУІШІ) сәйкестігі тексеріліп, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен келісіледі.

Бұдан әрі тексеру мен мақұлдаудан кейін берілген өтінімдер QR код жүктеуге рұқсат беруге жіберіледі. Рұқсат алғаннан кейін өтініш берушілер электронды платформада QR код алу нұсқаулығына сәйкес QR кодты InfoKazakhstan.kz сайтынан жүктей алады.

Бір апта бойы жаңа қатысушылар оқытудан өтіп, тестілік режимінде жұмыс істейді. Бір аптадан кейін тестілік режимінде жұмыс істей отырып, жаңа қатысушылар әкімдік сайтында орналастырылған қатысушылар тізіміне енгізіледі.

- QR жүктеуге рұқсат беруге өтінімдерді беру күніне 2 рет сағат 12:00 және 18:00-де жүргізілетінін атап өткім келеді. Әкімдік сайтындағы қатысушылар тізіміне енгізу аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі, - деп нақтылады Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры.

«Ashyq» жобасына қатысудан бас тартуға объектінің ЭҚЖЖ кодына сәйкес келмеуі немесе кәсіпкерлік субъектісі тыйым салынған қызмет түріне жатуы негіз болып табылады.

Мысалы, кинотеатрлардың иелері қосымшаны бастау үшін жиі хабарласады. Қошмағамбетовтың айтуынша, бұл мәселе қаралуда, жаңа қаулы шыққан жағдайда кинотеатрлар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандар тізіміне енгізілуі мүмкін. Спикер оларға бизнесті бастау туралы өтінішімен бизнестің 15 бағытының өкілдері жүгінгенін айтты.

Сонымен қатар, «Ashyq» жобасының аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді келесі жағдайлар бойынша жобадан шығарылады: мониторингтік топ объектісінде жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзудың расталған фактілері анықталған жағдайда (жоба туралы инфоплакаттардың, кіруге және шығуға арналған QR кодтын болмауы; әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін сақтамау, белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеу); объект 3 күннен артық келушілерді check-in жүргізбеген жағдайда; объектінің апталық статистикасын алу кезінде бір апта ішінде сканерлеудің орташа санының 70% - дан астам нормадан ауытқуы анықталған жағдайда.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 439 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 102 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх