Қарағанды облысы

Қарағандылық кәсіпкер жаңаша өнім өндіруді жолға қойды 7 Сәуір в 17:45 23

2020 жылдың ақпан айында кеншілер шаһарының тұрғыны Рымгүл Сатыбалдина бал қосылған жаңғақтар мен кептірілген жемістерден дәрумендік қоспаны дайындау бойынша бизнес ашты. Бір жылдан кейін ол жаңа жабдық сатып алып, өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр.

– Өз ісін ашудағы алғашқы қадам «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грантқа қатысу болды, - дейді кәсіпкер. – Грант қаражатына шикізат пен жабдық сатып алдым.

Сонымен қатар, кәсіпкер өнім сапасы сертификатын алды. Содан кейін Қарағанды және Жезқазған супермаркеттеріне ассорти жеткізу туралы келісім-шарт жасасты.

Бір жыл өткен соң өнімге деген сұраныс артқаны белгілі болды. Содан кейін Рымгүл Сатыбалдина Сбербанкке айналым қаражатын толықтыруға онлайн-өтінім берді.

Банк «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында қысқа мерзімде несиені мақұлдады. Жылдық 17,5% мөлшерлемесі мәлімделді. Оның 11,5%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, ал кәсіпкер 6% айырмасын төлейді. Сонымен қатар, «Даму» Қоры несие сомасының 85% мөлшерінде кепілдік берді.

– Біздің өнімдеріміз денсаулыққа, сондай-ақ иммунитетті нығайтуға өте пайдалы. Өндірілетін өнімнің ассортиментінде жаңғақтар мен кептірілген жемістер де, ұнтақталған жемістер де бар. Өндіріс қуатын арттыру және Қазақстанның басқа қалаларына жеткізілімдерді кеңейту үшін жаңа жабдық сатып алғымыз келеді, – деп өз жоспарымен бөлісті Рымгүл Сатыбалдина.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх