Қостанай облысы

Қар апатымен күреске барлық күштер жұмсалды 22 Ақпан в 10:30 15

Қостанай облысы өңірді болған қарлы бораннан кейін қалпына келуде. ТЖД хабарлауынша, өткен тәулікте 7 құтқару операциясы жүргізіліп, 14 адамды эвакуациялау бойынша көмек көрсетілді, олардың арасында зардап шеккендер жоқ.

Өткен тәуліктерде Қостанай облысы қар құрсауында қалды. Қар бораны аязбен қиылысып, өңір тұрғындарына біршама қиындық туындатты. Бұл уақытта өңірдің көптеген тұрғандары жолда болатын, жолаушылардың діттеген жеріне аман жетулеріне полиция және ТЖД қызметкерлері көмектесті.

Қостанайлық полицей ақтүтек боранда шамшырақ болды. Ол көлік колоннасының алдына түсіп, жол көрсетті, полиция лейтенанты Амантай Байжановтың іс-әрекетіне облыстың барлық тұрғындары тәнті болды.

Автобус жүргізушілеріне көмекке құтқарушылар келді. Кешкі уақытта ауа райының қолайсыздығынан Қостанайда қоғамдық көлік қозғалысының аралығы ұзарған кезде, желіге Қостанай облысы ТЖД екі вахталық автобусы шықты, олар қалалық маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдады

Түннен бастап облыстың коммуналдық қызметтері облыс орталығының жолдарын тазалап, боранның салдарымен күресуде. Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы күндері ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері мұндай ауа райы күтілмейді.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 456 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 109 Түркістан облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 98 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх