Шымкент

«Аэропорт Шымкент» АҚ-ы үшін тарифтер төмендетіліп бекітілді 7 Сәуір в 10:45 23

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Аэропорт Шымкент» АҚ-ның тұтынушыларына көрсетілетін қызмет көлемінің ұлғаюы бойынша, суды таратушы желілері арқылы беру, электр энергиясын беру және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау жөніндегі қызметтеріне тарифтер бекіту туралы өтінімдерін қарады.

Өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша, Департамент ҚҚС-сыз 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін тарифтер:

1. Суды таратушы желілері арқылы беру қызметіне:
- 81,12 теңге/м3 мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 14,6% - ға төмендетумен (95,0 теңге/м3);

2. Электр энергиясын беру қызметіне:
- 3,01 теңге/квт.сағ мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 10,7% - ға (3,37 теңге/квт.сағат);

3. Жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау қызметіне:
- 2646,95 теңге/Гкал мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 2,9% - ға (2725,88 теңге/ Гкал) төмендетіліп бекітілді.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх