Нұр-Сұлтан

«30 игі іс»: елордада қайырымдылық акциясы өтті 22 Ақпан в 16:30 12

«30 игі іс» аясында елордалық ҚХА мүшелері «Қан тапсыр – өмірді құтқар» акциясы аясында қан тапсырды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Қан тапсыр – өмірді құтқар» қайырымдылық акциясына Ассамблеяның барлық мүшесі, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар Ассамблеяның қоғамдық және салалық ұйым өкілдері қатысуда.

«Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы төрағасының бірінші орынбасары Равиль Валиевтің айтуынша, бұл акция «30 игі іс» бекітілген бағдарламасы аясында алғаш рет өтуде.

«Біз Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде жүйелі түрде қан тапсырамыз. Биыл бізде қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен ҚХА Кеңесінің отырысы өтті. Отырыс аясында біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына «30 игі іс» бағдарламасын бекіттік. Ал бүгінгі акция «30 игі іс» бағдарламасы аясында алғаш рет өтіп тұр», – деді ол.

Сонымен қатар ол әр жарты жыл сайын өтіп тұратын «Қан тапсыр – өмірді құтқар» акциясы аясында ҚХА мүшелерінің жүйелі түрде қан тапсырып тұратынын атап өтті.

«Қан тапсыру тек қоғамға ғана емес, сонымен қатар ағзаға да пайдалы. Мен осымен үшінші рет қан тапсырып тұрмын. Жарты жыл сайын осы акцияны өткізіп тұрамыз. Ең алдымен біз тест тапсырып, одан кейін қан тобын тестілеуге барамыз. Ал әр акция кезінде 50-70 адам қан тапсырады», – деді Равиль Валиев.

Ссылка на видео: https://youtu.be/iGxl-P37wIw


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 451 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 116 Түркістан облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 109 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх