Қарағанды облысы Бүгін 18:30 Қарағанды облысына коронавирусқа қарсы вакцинаның 160 мыңнан астам дозасы түседі Қарағанды облысында жаппай вакциянациядан өту науқаны қарқын алуда. Сәуір айының соңына дейін аймаққа «Спутник-V» вакцинасының шамамен 160 мың дозасы түседі. Бұл туралы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Алматы Бүгін 18:00 Алматыда 242 көше жолдарындағы 2 мыңнан астам ақаулы учаске қалпына келтірілді Алматыда 40-қа жуық бригада жолдарды жөндеп жатыр. Жыл соңына дейін 200 көшедегі жолдар жөнделеді.
Қарағанды облысы Бүгін 17:55 Қарағанды облысында 1 300 шақырым автожол жөнделеді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн-кеңесте өңірдегі барлық жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтап, тұрғындар үшін қолайсыздықты азайту үшін жолдарды тәулік бойы жөндеуге шақырды.
Қарағанды облысы Бүгін 17:45 Қарағандылық жасөспірімдерді ағылшын тілін тегін үйренуге шақырады "Игі істер марафоны" аясында Қарағанды Жастар ресурстық орталығында ағылшын тілінде сабақтар өтуде. EnglishDom тіл орталығының жетекшісі Влада Волянская көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін сабақтар өткізеді.
Нұр-Сұлтан Бүгін 17:35 Елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыру екі схема арқылы жүзеге асуда Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина азық-түлік бағаларын тұрақтандыру жөнінде атқарылып жатқан шаруаларды мәлім етті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Алматы Бүгін 17:30 Алматының төрт шағынауданында интернет жылдамдығы жақсарады Алматының Алғабас, Нұршашқан, Таусамалы, Әлмерек секілді бірқатар шағын аудандарында интернет сапасы жақсарады.
Нұр-Сұлтан Бүгін 17:15 Қарулы Күштер жас сарбаздармен толығып жатыр Мерзімді әскери қызметке шақыру жалғасуда. Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында 6700-ден астам бозбала әскерге аттанады.
Нұр-Сұлтан Бүгін 17:07 Елордада бір жыл ішінде бағаны тұрақтандыру үшін 11 мәрте қарыз берілді "Astana" ӘКК-ға бағаларды тұрақтандыру мақсатында 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін үш жыл ішінде кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті қарыздар беру үшін бюджеттен 4,45 млрд теңге бөлді. Бұл туралы онлайн брифингте "Astana" ӘКК азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Ризагүл Мүслімова мәлімдеді",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан Бүгін 17:00 Елордада Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов «жассарбаздықтармен» кездесу өткізді Осыдан 60 жыл бұрын адамзат баласы ғарыш кеңістігін бағындырды. Бұл 12 сәуір болатын. Осы уақыттан бері бұл күн - Ғарыш күні болып аталып келеді. Осыған орай, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ ұйытқы болуымен тұңғыш қазақстандық ғарышкердің аспан әлемін бағындырғанына 30 жыл толуына байланысты «Ғарышқа жол» атты іс-шара өтті. Жиын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» КММ қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Түркістан облысы Бүгін 16:45 Ордабасылық 40 кәсіпкер кепілсіз несие арқылы кәсібін дамытуға кірісті «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша сауда және қызмет көрсету салаларындағы жеке кәсіпкерлерге қаражат айналымын ұлғайту үшін 5 млн теңгеге дейін кепілсіз несие беріледі.
Нұр-Сұлтан Бүгін 16:30 Нұр-Сұлтанда әлеуметтік пәтер саны өсті "Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік пәтерлер саны артқанын, сол сияқты Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын мәлім етті",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Түркістан облысы Бүгін 16:15 Түркістан облысында 134 өзен-көлде балық өсіріледі Түркістан облысы жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл облыс аумағында орналасқан. Оның ішінде 88 жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген. Қосымша 46 жергілікті маңызы бар су айдыны қайта конкурсқа қойылып, осы жылдың 2-жартыжылдығына дейін толығымен бекітілетін болады.
Қостанай облысы Бүгін 16:00 Шағымданған қостанайлықтарға 4,9 млн теңге қайтарылды Жыл басынан бері Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 141 тұрғын жүгінді.
Нұр-Сұлтан Бүгін 15:55 Елордада вакцинациялаудың алғашқы күні 4,5 мыңнан астам адам екпе қабылдады Елордада жаппай вакцинациялаудың бірінші күні 4 500-ден астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (ҚДС) мәліметі бойынша бұл көрсеткіш МСАК ұйымдарында және «Mega Silk Way» СОО-да ұйымдастырылған егу пункттеріндегі вакцинациядан кейін орын алып отыр.
Шығыс Қазақстан облысы Бүгін 12:30 Жыл басынан бері 4 мыңнан астам автокөлікті онлайн тіркеді Шығыс Қазақстан облысының автокөлік иелері жыл басынан бері мамандандырылған ХҚО арқылы өз бетінше 4 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алды. Олардың ішінде 3 мыңға жуық азамат көлік құралын қайта тіркесе, 1200-ден астамы жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырған. Ал, өткен жылы ШҚО тұрғындары egov.kz портал арқылы 1566 автокөлік қайта ресімделіп, 800 жүргізуші куәлігі алынды. Бұл дегеніміз ШҚО автокөлік иелері онлайн қызметтерді жиі ала бастағанын білдіреді.
Алматы Бүгін 12:00 Алматыда 900-ден астам ерікті-медицина қызметкерлері егу пункттерінде көмек көрсетуде Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингке Алматы қаласының жаппай вакциналау жүргізетін еріктілер мен шақырылған мамандар штабының үйлестірушісі Жәнібек Солтанай қатысты. Ол азаматтарды егу науқанында ерікті-медицина қызметкерлері қалай көмек көрсетіп жатқанын айтты.
Қостанай облысы Бүгін 11:00 Академия курсанттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды талқылады Елордалық делегация мүшелері, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Дмитрий Малахов пен ведомство төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева Ш.Қабылбаев ат. ҚР ІІМ Қостанай академиясының курсанттары үшін ашық дәріс өткізді.
Нұр-Сұлтан Бүгін 10:33 Жыл басынан бері қазақстандықтарға 672,1 млрд-тан астам теңгеге зейнетақы төленді 2021 жылдың қаңтар - наурыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 205,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 465,4 млрд теңге бағытталды.
Қостанай облысы Бүгін 10:25 Қостанай университетінде 12 ғылыми жоба жүзеге асып жатыр Күні кеше Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні аталып өтті. Мереке алғаш рет 2012 жылы пайда болды. 12 сәуір кездейсоқ таңдалмаса керек. Бұл күні көрнекті қазақстандық академик, геолог ғалым және Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтпаев дүниеге келді. Бүгінгі таңда ғылым өмірдің барлық салаларын дамытудың шешуші факторына айналуда. Қазіргі кезеңде біздің жас еліміз өзінің ғылыми әлеуетін қарқынды дамытуда.
Маңғыстау облысы Бүгін 10:20 Қорғаныс министрлігі көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер цифрлық форматқа көшкен Қорғаныс министрлігінің аппарат кеңесінде өткен апта қорытындыланды.
Нұр-Сұлтан Бүгін 10:12 Көктемгі тазалық жұмысына 1900 коммуналдық қызметкер мен 650 бірлік арнайы техника жұмылдырылды "Нұр-Сұлтанда көктемгі тазалық жұмысы дәстүрлі түрде жалғасуда. Ауқымды жұмыстарға 1900 коммуналдық қызметкер мен 650 арнайы техника жұмылдырылды. Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру күн сайын, сол сияқты түнгі ауысымда да жүргізіледі",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Маңғыстау облысы Бүгін 10:05 Маңғыстауда «Қалқан-2021» бірлескен жедел-тактикалық оқу-жаттығуы басталды «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының бөлімдері мен бөлімшелері дабыл бойынша көтеріліп, оларды шартты дағдарыс ауданына жеткізу ұйымдастырылды. Аталмыш оқу-жаттығуда Әуе қорғаныс күштері мен Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері жұмылдырылған.
Нұр-Сұлтан Бүгін 09:58 Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация жүріп жатыр "Елорда тұрғындарын коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. Жас шектеулері мен медициналық көрсеткіштерін ескергенде 600 мыңнан астам қала тұрғыны вакцинациялауға жатады",- деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан Бүгін 09:51 Нұр-Сұлтан қаласының оқушысы NASA-да тағылымдамадан өтті "Нұр-Сұлтан қаласының 16 жастағы оқушысы Ерасыл Тәуекел NASA-да тағылымдамадан өтті. Ол «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 10-сынып оқушысы. Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеумен айналысып жүр, өзі зымыран ғылымына қатты қызығады",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жамбыл облысы Бүгін 09:44 Таразда жыл басынан мониторингтік топ 200-ге жуық хаттама толтырған Таразда карантин талаптарын сақтамағандарға мониторингтік топ мүшелері 200-ге жуық хаттама толтырған. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың қаңтар айында 34 хаттама, ақпан айында 47 хаттама, наурыз айында 54 хаттама, сәуір айының осы он күндігі өзінде 50-ге жуық хаттама толтырылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Сәдубаев айтты. Сондай-ақ, Тараз қаласының Бас санитариялық дәрігері Рита Алтынбасова да тікелей эфирге қатысып, сұрақтарға жауап берді.
Нұр-Сұлтан Бүгін 09:37 Газдандыру құжаттары тағы екі тұрғын үй массивтеріне беріле бастады Нұр-Сұлтанда «Оңтүстік-Шығыс», «Агроқалашық» (2020 жылы газға қосылмаған бөлігі) тұрғын үй массивтерінің тұрғындары үшін газға қосуға арналған техникалық шарттарды беру рәсімі басталды. Аталған тұрғын үй массивтерін, сондай-ақ «Көктал-1», «Промышленный» тұрғын үй массивтерін келесі жылыту маусымына дейін газға қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нұр-Сұлтан Бүгін 09:30 Пара жүзуден Әлем Кубогінің сериясында елордалық спортшы күміс жүлдегер атанды "Пара жүзуден Әлем Кубогының сериясы Ұлыбританияның Шеффилд қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 21 елінен 92 спортшы қатысты. Елордалық спортшы Сиязбек Далиев 50 метр қашықтықты баттерфляймен екінші болып жүзіп өтіп, әлем кубогының күміс жүлдегері атанды",- деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Қостанай облысы Кеше 18:13 "Шаңырақ" ұлттық өнер орталығы ашылды Қостанай облысы, Тобыл қаласының "Алтын дән" мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының төрт жылдығына орай "Шаңырақ" ұлттық өнер орталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл жергілікті әртістер үшін нағыз мерекеге айналды.
Қызылорда облысы Кеше 17:07 «Жастар аллеясы» ашылды Қызылордада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай бүгін «Жастар орталығы» ғимаратының жанынан «Жастар аллеясы» ашылды. Аллеяның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Бақберген Досманбетов пен Қожахмет Баймаханов, ҚР Мемлекеттік «Серпер» сыйлығының иегері Ақбота Керімбекова және спорт майталмандары, танымал тұлғалар мен Сыр жастары қатысты. Шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет елімізде жастарға жасалып жатқан қолдаудың артқанын айтып, аймақта жастар саясатында бірқатар жобалардың жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.
Нұр-Сұлтан Кеше 17:00 Дезинфекциялық және дератизациялық іс-шараларға дайындық басталды "Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстарды жүргізу үшін дайындықты бастады. Бұл іс-шаралармен қаланың ашық аумақтары, су айдындары, саябақтар, скверлер, жеке сектор қамтылады",- деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Қызылорда облысы Кеше 16:50 Қазақстан чемпионатында Қызылорда облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды Қостанай қаласында қазақ күресінен 2001-2003 жылдары туылған жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы 3 алтын, 3 күміс, 6 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.
Ақтөбе облысы Кеше 16:43 Ақтөбе облысында биыл 1,1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында құрылыс саласын дамыту сұрақтары талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты.
Нұр-Сұлтан Кеше 16:35 Нұр-Сұлтанда бірқатар жаңа нөсер кәріздері салынады "Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордада нөсер кәрізінің проблемасы жайлы қозғап өтті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қостанай облысы Кеше 16:30 Қостанай облысындағы барлық әкімдік ашық сервистік модельге көшті Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Дмитрий Малахов пен ведомство төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиевадан тұратын астаналық делегация Алаңда жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізілген "Тобыл – көмек алаңы" фронт-офисінде болды. Негізінен азаматтарды түрлі аудандық мемлекеттік органдардың құқықтарын қорғау және қызметтерін уақытылы алу мәселелері қызықтырды.
Нұр-Сұлтан Кеше 16:00 Елордада карантинді бұзған 5 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды "Елордада карантин талаптарының бұзылғанын анықтау бойынша мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Тиісті ескертулер беріліп, айыппұл салынғанына қарамастан күн сайын кәсіпкерлік субъектілердің карантин талаптарын сақтамағаны анықталып жатыр",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан Кеше 15:45 Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды Бейнеконференцбайланыс режимінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Аталмыш талқылауға барлық күш құрылымдарының, Қорғаныс, Ақпарат және даму, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Қарағанды облысы Кеше 15:30 Коронавирусқа қарсы вакцинация орталығы ашылды МСАК ҚО қолдауымен Қарағанды медициналық университетінде оқытушыларға, қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне арналған вакцинация орталығы жұмыс істей бастады. Орталықты ашу идеясы университет басшылығына тиесілі.
Қарағанды облысы Кеше 15:20 Адамзаттың ғарышқа алғашқы ұшқанына 60 жыл толды Бүгін ғарышкер Юрий Гагариннің адамзат тарихындағы алғашқы ғарыштық ұшуына 60 жыл толды. Сондай-ақ, 2021 жыл қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа алғашқы ұшуының 30 жылдығымен есте қалды.
Қостанай облысы Кеше 15:00 Арқалықта екі әлеуметтік нысан ашылды Бүгін Қостанай облысы, Арқалық қаласында балаларды дамыту үшін бірегей орталыққа біріктірілген аса маңызды екі әлеуметтік нысан ашылды.
Нұр-Сұлтан Кеше 14:45 ІІМ үш өңірде браконьерлер мен ақбөкен мүйіздерін сатушыларды ұстады ІІМ Нұр-сұлтан қаласының, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының аумақтық полиция департаменттерімен киіктерді заңсыз аулаумен және олардың мүйіздерін өндірумен айналысатын қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді.
Алматы Кеше 12:17 Коронавирусқа қарсы екпе оразаны бұзбайды Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифингке қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай қатысты. Ол ораза ұстауға ниет етіп жүрген мұсылмандардан түскен сұрақтарға жауап берді. Спикер коронавирусқа қарсы вакцина мен ПТР-тест тапсыру оразаны бұзбайтынын түсіндірді.
Алматы Кеше 11:47 Алматыда қала тұрғындары вакциналау үрдісін ұйымдастыруды әлеуметтік желілерде бөлісуде Кеше Алматыда мегаполис тұрғындарын сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлардағы егу пункттерінде вакциналау басталды. Халыққа ыңғайлы болуы үшін медицина қызметкерлері демалыс күндері де жұмыс істеуде. Екпені алдын ала жазылу арқылы сағат 8.00 мен 20.00 аралығында алуға болады. Әлеуметтік желілер екпе алған және вакциналаудан соң өздерін қалай сезінгендерін жазған адамдардың хабарламаларын жариялауда. Солардың кейбіреуін ұсынбақпыз.
Шығыс Қазақстан облысы Кеше 11:00 ШҚО суретшісінің алғашқы жеке көрмесі облыстық мұражайда ашылды Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Маржан Бақытбекованың алғашқы жеке көрмесі ашылды.
Нұр-Сұлтан Кеше 10:00 Қазақстандықтарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңгеден астам қаражат төленді 2021 жылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 77 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына 20,5 млрд теңге бағытталды.
Павлодар облысы Кеше 09:35 Павлодар облысында алғашқы көктемгі сенбіліктер өтті Павлодар облысының елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазарту айлығының алғашқы күнінде калалар мен ауылдардың көшелеріне 13,5 мыңнан астам адам шығып, тазартуға үлес қосты.
Нұр-Сұлтан 11 Сәуір в 13:00 Елордада күн сайын 30 000 текше метрге жуық су сорылады "Биылғы қысқы маусымда қаладан 5 млн текше метрден астам қар шығарылды. Елордада су сору жұмыстарына 200-ден астам арнайы техника, яғни ассенизаторлық машиналар мен мотопомпалар жұмылдырылған",- деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 11 Сәуір в 12:30 Елордада бір тәулік ішінде 10-нан астам мекеме карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды "Елордада карантин режимі бұзылғанын анықтау жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын олар шектеу шараларын сақтамаған кәсіпкерлік субъектілерін анықтайды. Өткен тәуліктің өзінде 10-нан астам мекеме жауапкершілікке тартылды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 11 Сәуір в 12:00 Елорда әкімі жол салуды тапсырды "Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елорданы аралау барысында қордаланған проблемалардың шешілу жолын қозғап өтті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 10 Сәуір в 20:00 Нұр-Сұлтандағы СОО-да коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр "Елордалық «Mega Silk Way» СОО-да коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Вакцинаның бірінші компонентін СОО қызметкерлері, бутиктерді жалға алушылар, сатушылар және орталық қызметкерлері алды",- деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Алматы 10 Сәуір в 19:00 Алматы тұрғындары COVID-19-ға қарсы вакцина алуды жалғастыруда Екпе салу науқаны басталғаннан бері Наурызбай ауданында бүгінгі күні КВИ-ден 3500 адамға вакцина салынды.